Meruyert

Кешігудің себептері

Кешігу

?Кешігудің кей себептерін журналист Балжан ханыммен бір кездескенде бөліскенмін. Бөліскен әңгімелер негізі ойда жақсы қалыптасады екен. Балжан өмірінде оны басқалар арқылы көз жеткізіп жақсы дәлелденген түсініктеме алған сияқты? мүмкін Сіздер де бір ой түйіп қаларсыз.

?Кешігуді емдеу олда психологпен жүргізілетін жұмыс, егер өзгергім келеді десеңіз, келіңіз, консультацияға жазылыңыз.

?Балжан, ой-пікірлеріңізбен бөлісіп отырғаныңыз үшін рахмет❤️

==Repost==
Үнемі кешігіп жүретін адамдар екіге бөлінеді. Әдейі кешігетіндер және шаруабастылар. Әдейі кешігетіндер той-томалақ басталуға немесе көлік жүруге жарты сағат қалғанда үйінде шәй ішіп отырады, душтан енді шығып. Жан-жақтан звондап, “қырылып” жатқандарға “міне шықтым” дей салады. Ал шаруабастылардың жұмысы бітпей немесе жолай бір шаруаны істей салайын деп пысықсып жүріп кешігіп қалады. Негізі психологияда үнемі кешігіп жүретін адамдарға “внимания” жетпейді екен. Елдің бәрі дастарханға отырып алған кезде, жалғыз кіріп келсе… ел-жұрттың мойнын бұрып қараған кездегі реакциядан ішкі мені тынышталып, қанағаттанады екен. Сөйтіп өзінің сүйкімін кетіріп, антипатия тудырып тұрғанын сезбей қалады екен байқұс ?.

Психология деген жанды зерттемейді де, емдемейді де. Психология психикалық құбылыстардың пайда болуын зерттейтін ғылым. “Неге?” деген сұраққа жауап береді және сізбен бірге жауап іздейді. Осыны жұрттар шатастырады.

Мысалы, бір психолог сізге: “айтқанды тыңдамайтын хулиган екенсіз” десе, кәдімгідей ашуланып қаласыз. Бірақ ешкімді тыңдамайтыныңыз, ондайларды “хулиган” деп атайтыны рас қой. Бірақ мойындамайсыз. Ал психолог оны көріп тұр ?. Психологтың алдына барып көрмеген, психологпен ашық сөйлесіп көрмеген адам мұны түсінбейді. Дұрыс па, @mira_psyholog?

Сізбен шәй ішкім келіп кетті. Көп сұраққа жауап тауып едім алдында…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *